Қамаудағылар жоғары білім ала алады

Жұма, 22 Желтоқсан 2017 12:32
Қамаудағылар жоғары білім ала алады

Бас бостандығынан айырылған азаматтарға алдағы уақытта қашықтықтан жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі.

Бұл туралы Халықаралық түрме реформасының (PRI) Орталық Азиядағы өкілдігі хабарлады.

Мәлімдемелері бойынша бұл сынамалы жоба болмақ. Ол келесі жылдан бастап Алматы және Павлодар облыстарында іске асырылмақшы. Ондағы мақсат – қамауға алынған азаматтарды түрмеден босап шыққаннан кейінгі өмірге біртіндеп бейімдеу әрі оларға кәсіби қызметпен айналысуға мүмкіндік беру.

PRI-дың өңірлік басшысының айтуы бойынша, бүгінде елімізде 2834 сотталушы жалпы білім беретін мекемелерде оқып жатыр. Ал кәсіби білім алып жатқандардың саны 3757. Бұл бас бостандығынан айырылғандардың жалпы санының тек 10% ғана. Сондықтан жоғары білімді азаматтардың барлығы үшін қолжетімді ету мақсатында аталмыш жоба 2018 жылдың бірінші тоқсанынан бастап жүзеге аспақ.

574 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
JoomShaper