Алматы қалалық соты жемқорлыққа қарсы шара өткізді

Дүйсенбі, 09 Қазан 2017 10:52
Алматы қалалық соты жемқорлыққа қарсы шара өткізді

Қазан айының басында Алматы қалалық сотында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен бірге «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Алматы қалалық сотының судьясы Л.Мерекенов шараны аша отырып, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық қаупін алдын алу бойынша қабылданған жүйелік шаралар туралы айтып, статистикалық мәліметтер келтірді.

 

Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің өкілі қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қабылданған шаралар, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, халық пен мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әзірлеу туралы ақпарат берді және статистикалық мәліметтер келтірді.

Іс-шара барысында семинар қатысушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, судья әдебін сақтау мен «Судьялар әдебі кодексінің» талаптары аясындағы шектеулер және т.б. туралы өзекті мәселелер талқыланды. 

 

Л. Мерекенов, Алматы қалалық сотының судьясы:

 

- Бүгінде жемқорлықпен күрес қоғамымызда қызу жүріп жатыр. Тұтас қоғамның жемқорлыққа төзбеушілігін арттыру мақсатында мұндай шаралардың маңызы зор. Жемқорлықпен күресіп қана қоймай, мемлекеттік қызметкерлердің мұндай жағдайлармен бетпе бет келген жағдайда іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін ұдайы мұндай іс-шараларды өткізіп тұрамыз. Алдағы уақытта да жемқорлықпен күрес мақсатында мұндай іс-шаралар жалғасын таба береді. 


Дереккөзі: alashainasy.kz

116 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper