Түркісіб ауданы жемқорлықпен тиімді күресуде

Жұма, 29 Қыркүйек 2017 10:48
Түркісіб ауданы жемқорлықпен тиімді күресуде

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиясын жүзеге асыру мақсатында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың орын алмауына жол бермеу негізінде шаралар іске асырылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ салық қызметі органдары үшін негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде салық қызметі органдарының имиджіне кері әсер етіп қана қоймай,сонымен бірге еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына үлкен қауіп төндіреді.

Салық органдарындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында заңды және жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу қызметтерін ұйымдастыру арқылы салық төлеушілерге қызмет көрсететін арнайы ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары құрылған. Бұл орталықтардың құрылуы негізінде салық төлеушілерге айқын, нақты, тиімді қызмет көрсетуде, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алуда жоғары мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. 

Салық органдары басқа мемлекеттік органдардың арасында алдыңғы қатардағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін жасаған органдардың бірі болып табылады және оның құрамына 16-салықтық қызмет көрсету түрлері кіреді. Атап айтсақ: Қазақстан Ресбуликасы салық төлеушілерін тіркеу, салық заңнамасын түсіндіру,салықтық берешегінің болмауы туралы анықтама беру және тағы да басқа қызмет түрлері.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасының бірінші қабатында «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін операциялық зал орналасқан және онда келесідей салықтық қызмет түрлері көрсетіледі:

• Заңды және жеке тұлғалардың, сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу;

• Мемлекеттік тіркеу, салық төлеушілерді қайта тіркеу, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою және тіркеу есебінен шығару;

• Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу есебіне тұру;

• Орталық қызметкерлерінің аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетілген терезелер арқылы жер салығы, мүлік салығы және көлік құралдарына салынатын салықтарды төлеу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау;

Сонымен қатар заңды, жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің төленуіне жататын салықтардың есептелуімен байланысты және салық салынатын объектілер туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық стенділер орнатылған. 

Басқармамызда сыбайлас жемқорлықпен күресуге ерекше назар аударылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен байланысты іс-шаралар жүзеге асырылады және салық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында үнемі жұмыстар жүргізіліп отырады. Қызметкерлердің рухани бейнесін көтеру үшін жұмыстар, яғни мамандар арасында сұхбат жүргізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарының орын алуымен байланысты сыбайлас жемқорлық мәлімдемелері бойынша видеоматериалдарды салық қызметкерлеріне көрсету негізінде жұмыстар іске асырылады. 

Өндірістік мәжілістерде салық төлеушілерден келіп түскен шағымдар, сыбайлас жемқорлықпен байланысты түсіндірме хаттары арнайы қаралады. Салық басқармасында салық қызметкерлерінің еңбектік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындауын бақылау мақсатында басқарма ғимаратында ұсыныстарға, шағымдарға арналған кітаптар мен жәшіктер орнатылған. Қабырғаларда салық төлеушілерге салық органы қызметкерлерінің көрсеткен қызметтеріне келіспейтіндігі туралы хабарламаларын жіберуге мүмкіндік беретін электронды мекен-жайлар көрсетілген. Салық басқармасында салық қызметкерлері арасында әдептілік, ізгіниеттілік, салық төлеушіге нақты және толық ақпарат беру қағидалары негізінде салық төлеушілердің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі. 

Салық басқармасындағы ең маңызды міндеттердің бірі барлық әкімшілендіру үрдістерінің айқындылығын қамтамасыз ету және оңайлату болып табылады. Біздің басқармамызда салық төлеушілердің салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруына болатын 2-салық төлеушілер терминалы жұмыс істейді. Бұл терминалдардың болуы салық төлеушінің уақытын үнемдеуіне және салық инспекторымен тікелей қарым-қатынасының шектелуіне мүмкіндік береді. Және де үнемі мемлекеттік қызметтердің тапсырылу мерзімі қатал түрде қадағаланып отырады.

Сондықтанда мемлекет үшін үлкен қауіп төндіретін сыбайлас жемқорлықпен күресу және аталған құбылыстың орын алмауына жол бермеу мақсатында салық төлеушілер жағынан үлкен қолдау мен түсіністіктің қажет екендігін айтып өткен жөн. Алматы қаласы Түркісіб ауданының салық төлеу мекемесіне қарасты мекеме қызметкерлері жемқорлықпен күресті алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Дереккөзі: alashainasy.kz

136 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper