Театр өнері саласының үздіктеріне қаржылай сыйақы табысталды

Сейсенбі, 28 Наурыз 2017 13:59
Театр өнері саласының үздіктеріне қаржылай сыйақы табысталды

Театр өнері саласының үздіктеріне 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды, - деп хабарлайды QAINAR.KZ.

Биыл алғаш рет Халықаралық театр күні қарсаңында «Сахнагер-2017» Ұлттық театр сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Театр өнері саласындағы шығармашылық жетістіктер үшін берілетін «Сахнагер-2017» сыйлығының іріктеу кезеңіне еліміздің 52 театр ұжымы қатысып, үздік деп танылғандары арнайы марапатқа ие болды.

Нәтижесінде: «Сахнагер-2017» Ұлттық театр сыйлығының 15 лауреаты 1 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды.

«Үздік режиссер» - Нұрқанат Жақыпбай 

 

«Үздік драматург» - Мадина Омарова 

 

«Үздік актер» - Дулыға Ақмолда

 

«Үздік актриса» - Кристина Золочевская

 

«Үздік опера солисі» - Дина Хамзина

 

«Үздік балет артисі» - Татьяна Тен

 

«Үздік балет артисі» -Бақтияр Адамжан

 

«Үздік сахна суретшісі» - Қанат Мақсұтов

 

«Үздік балетмейстер» - Лариса Ким

 

«Үздік театртанушы» - Бақыт Нұрпейіс

 

«Үздік екінші план актері» - Жомарт Зейнәбіл

 

«Үздік екінші план актрисасы» - Ирка Абдульманова

 

«Үздік менеджер» - Руслан Тохтахунов

 

«Үздік дыбыс режиссері» - Ләззат Қыстықбаева

 

«Үздік костюм суретшісі» - Любовь Возженникова.

«Сахналық ғұмыр» номинациясы бойынша 350 мың теңгелік сертификат Дулат Исабеков, Юрий Померанцев, Меруерт Өтекешова, Құралай Ешмұратова, Гүлжан Әспетова, Бақытбек Алпысбаев, Кендебай Темірбаев, Талғат Теменов сынды театр майталмандарына ұсынылды. Ал арнайы тағайындалған «Үміт» сыйлығы табысталған 17 өнер иесі 150 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы иеленді.

Одан өзге, салтанатты шарада театр өнерін дамытуға қосқан орасан зор еңбегі үшін Асанәлі Әшімов пен күні кеше 100 жылдық мерейтойын атап өткен Айша Абдулинаға да 1 миллион теңге көлемінде сыйақы тыбысталды.

Театр қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, «Сахнагер» сыйлығы ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған. Ол жоғарғы патриоттық идеяларға оң көзқарас қалыптастыратын туындылардың дүниеге келуіне ықпал етеді.

 

 

 

390 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper