Әлем бойынша 27 миллион бала мектепке бара алмайды

Дүйсенбі, 05 Ақпан 2018 11:12
Әлем бойынша 27 миллион бала мектепке бара алмайды

Жаһанда орын алып жатқан соғыстардың кесірінен әлем бойынша 6 жастан 14 жасқа дейінгі 27 миллион бала бүгінде мектепке бара алмай отыр.

Ал 264 миллион баланың мектепте білім алуға мүмкіндіктері жоқ. Бұл туралы БҰҰ-ның балалар қорының баяндамасында айтылған.

Аталмыш ұйым шиеленіс оқиғалары көп орын алатын аймақтардағы жиіленіп кеткен шабуылдар үшін алаңдаулы. ЮНИСЕФ-тің төтенше бағдарламалары бойынша директоры Мануэль Фонтеннің сөзінше, бұндай қақтығыстар қалыпты жағдайларға айналуда. Бір ғана Нигерияның солтүстік-шығысында бірнеше жыл ішінде «Боко Харам» атты лаңкестік топ 1400 мектепті жойып, 2300 мұғалімді өлтірген.

БҰҰ-ның сарапшылары дамушы елдердегі барлық балалардың мектепке барулары үшін жыл сайын шамамен қосымша 340 млрд. доллар қаржы керек деп есептейді. Ал бүгінде гуманитарлық мақсаттарға бөлінетін қаржының тек 3,6% ғана білім беру бағдарламаларына жұмсалуда.

122 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
JoomShaper