Ресей мақта өндірісін бастайды

Жұма, 02 Ақпан 2018 11:02

Көршілес Ресей елі алдағы уақытта мақта өндірісін қолға алады.

2018 жылы елдің Астрахань және Волгоград облыстарының 1000 гектар жеріне мақта отырғызылатын болады.

Бұдан бөлек, мемлекет жоспары бойынша Ставрополь, Калмыкия және Қырым өңірлеріне де мақта егу көзделуде. Аталмыш елдің ауыл шаруашылығы министрлігінің материалдарында мақта егуге арналған аумақтың көлемі шамамен 221,54 мың гектарды құрауы ықтимал делінген.

Ресми деректерге сүйенсек, отандық мақтаға деген сұраныс Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы саясатымен байланысты. Мәселен, Ресей мақтаны әсіресе Өзбекстан елінен жиі сатып алады. Ал ол елде бүгінде қайта өңдеуші комбинаттарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан екі ел арасындағы сауда үрдісінің қарқыны біраз бәсеңдеуі мүмкін.

Ал ресейлік кәсіпорындар жылына 70 000 тоннаға жуық мақта талшығын қажет етеді.

206 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper