Ғарышкерлерге арналған аурухана салынады

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 11:35
Ғарышкерлерге арналған аурухана салынады

Біріккен Араб Әмірліктерінде ғарышкерлерге арналған алғашқы арнайы аурухана пайда болады.

Бүгінде бұндай бірегей госпитальдің құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Emirates Space Hospital деп аталатын мекеме Дубай қаласында орналасатын болады.

Жаңа аурухананың қызметі елдің UAE Centennial 2071 және National Space Programme аталатын ұлттық ғарыштық бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Келешекте бұл мекеме медициналық ақпараттармен алмасуға арналған компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолданудың үздік үлгісін көрсететін болады деп күтілуде. Себебі, ғалымдар телемедицина тек ауруханаларда ғана емес, ғарышта да қолжетімді болады деп отыр.

Атап айтқанда, аурухана созылмалы сырқаттарды емдеудің заманауи әдістерін ұсынатын болады. Мәселен, мамандар қан ағысына нанороботты енгізеді, ал ол өз кезегінде ағзадағы сау емес жасушаларды тауып алады әрі емдейтін болады.

Бастапқы кезеңде жоба Жер және Қызылжұлдыз (Марс) ғаламшарларында сыналмақ. Ғарышкерлерге арналған алғашқы ауруханада негізінен қатерлі ісік және қант диабеті сынды сырқаттар емделетін болады деп күтілуде.

660 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
JoomShaper