Интернет қолданушылардың саны 4 миллиардқа жетті

Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 11:31
Интернет қолданушылардың саны 4 миллиардқа жетті

Интернет тарихында тұңғыш рет қолданушылар саны 4 миллиардтан асты.

Бұндай деректі We Are Social және Hootsuite компанияларының жүргізген зерттеу жұмыстары анықтап отыр. Өткен жылдағы нәтижелермен салыстырар болсақ, қолданушылар саны қазіргі таңда 250 миллионға артқан.

Интернет пайдаланушылар саны тез артып жатқан аймақ ретінде Африка танылды. Бұнда интернеттің таралу көрсеткіші жыл сайын кем дегенде 20%-ға артуда.

Бұдан бөлек, соңғы жылы күніне миллионға жуық адам алғаш рет әлеуметтік желілерге тіркелгендігі анықталып отыр. Бұл дегеніміз әлеуметтік желілерге секундына 11 жаңа пайдаланушы тіркеледі.

Бір жыл ішінде қолданушылардың интернетте өткізетін уақыттары да артқан. 2017 жылдың нәтижелері бойынша әлемдегі орта көрсеткіш – күніне 6 сағатқа жуық уақыт. Әлемдік көрсеткіш бойынша көш басында 9 сағат 38 минутпен Таиланд елі тұр.

Сарапшылардың пікірінше, бүгінде қолданушылар санының артуына жаңа қолжетімді смартфондардың пайда болуы ықпал етуде. Жүргізілген зерттеу жұмыстарына сүйенсек, 2017 жылы 200 миллионнан астам адам жаңа телефонға ие болған.

170 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
JoomShaper