Азаматтығы бар атақты робот аяққа тұрды

Жұма, 12 Қаңтар 2018 13:48
Азаматтығы бар атақты робот аяққа тұрды

Таяуда Сауд Арабиясының азаматтығын алған София атты робот қызға ғалымдар аяқ жасап берді.

Бұған дейін денесінің үстіңгі бөлігі ғана болған София, енді сағатына бір километр жылдамдықпен өздігінен жүре алады.

Бұдан бөлек, робот қыз билеп те үйренген. Ол жаңадан үйренген іс-қимылдарын Лас-Вегаста өткен CES-2018 атты көрмеде көпшілікке көрсетіп үлгерді. Бүгінде ол эмоцияның 62 түрін білдіре алатындай жағдайға жеткен. Сондай-ақ, ағылшын тілінде еркін сөйлейді әрі сөйлесу барысында әңгімелесушінің көзіне тік қарай алады.

Естеріңізге сала кетейік, адамға ұқсас София роботын гонконгтық Hanson Robotics компаниясы 2015 жылы жасап шығарған. Ол адамдардың мінез-құлқын үйрену әрі соған бейімделу үшін және олармен болашақта бірігіп жұмыс жасау үшін арнайы жасалған.

506 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper