Ripple биткоиннан кейінгі үздік криптовалюта атанды

Дүйсенбі, 01 Қаңтар 2018 15:32
Ripple биткоиннан кейінгі үздік криптовалюта атанды

Ripple атауымен танымал XRP атты криптовалюта 2017 жылдың соңында биткоиннан кейінгі екінші орындағы электрондық ақша атанды.

Бүгінде Ripple-дың токендерінің (сандық бірліктер) бағасы 85 миллиард долларға жетіп, 50%-ға өскен. Осылайша, ол Ethereum аталатын өте танымал криптовалютаның нарықтағы деңгейін үшінші орынға түсірді. Қазіргі таңда Ethereum-ның құны шамамен 72 миллиард долларды құрап отыр.

Бір айта кетерлігі, XRP-дің деңгейі небәрі бір тәулік ішінде 71%-ға шарықтап кеткен. Бұлайша өсуінің бір себебі – оны Оңтүстік Корея мен Жапонияның банктерінің қолдана бастауында. Сондай-ақ, оның басты ерекшелігі коммерциялық компанияның бақылауында болуы. Ал мәселен көш басындағы биткоин жұмысын ешқандай ұйым қадағаламайды. Әйтсе де, ол бүгінде ең қымбат әрі танымал криптовалюта саналады. Оның нарықтағы қазіргі құны 244 миллиард долларды құрайды.

652 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
JoomShaper