Марсқа спорттық машина аттанады

Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 15:46
Марсқа спорттық машина аттанады

Америкалық SpaceX компаниясының негізін салушы Илон Маск Марс ғаламшарына аттанатын автокөліктің фотосуретін жариялады.

Өнертапқыш Илон Маск бұған дейін Марсқа аттанатын ғарыш кемесін жасап жатқандығын мәлімдеген болатын. Жуырда бизнесмен әлем назарына дайын болған кеменің суретін ұсынды. Бұл кеме адамзат баласы әлі бағындырмаған қызыл ғаламшарға аттанатын болады.

Бір қызығы, Falcon Heavy аталатын бұл алып ракетаның ішінде спорттық автокөлік болмақшы. Бұл Илон Масктың «Tesla Roadster» атты жеке көлігі. Бизнесменнің сөзінше, әуеге жіберілетін ракеталардың басым бөлігі бетон немесе темір блоктар. Олар іш пыстырады. Сондықтан, Масктың компаниясы ғарышқа эмоция тудыратын, өте ерекше дүние жіберуді жөн санап отыр.

Жалпы Илон Маск адамның арман-қиялын шындыққа айналдыруға құштарлығымен танымал. Марс ғаламшарына кеме аттандырудағы мақсаты да адам аяғы баспаған планетаны халық үшін қолжетімді еткісі келуінде.

Жоспар бойынша Falcon Heavy ракетасы 2018 жылдың қаңтар айында ғарышқа сапар шекпек. Ол орбитаға 50 тоннадан астам жүк жеткізе алады деп болжанып отыр.

614 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper