Google 2017 жылдың ең танымал автокөліктерін атады

Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 15:44
Google 2017 жылдың ең танымал автокөліктерін атады

Google іздеу жүйесі 2017 жылы АҚШ-та ең танымал болған көлік маркаларының тізімін жариялады.

Бұл рейтинг адамдардың интернеттен жиі іздеген машиналары негізінде құрастырылған. Бір қызығы, былтырғы жылмен салыстырғанда рейтинг біраз өзгерген. Мәселен, 2017 жылғы тізімде Bentley, Maserati, Lamborghini және Rolls-Royce секілді өте қымбат спорттық машиналар жоқ. Олардың орнына корейлік Kia және Hyundai брендтері пайда болған.

Биыл көш басында Ford F-150, Explorer, сондай-ақ, Escape модельдері тұр. Екінші орынға жапондық Lexus маркасы және оның RX, IS пен LS үлгілері жайғасқан. Ал үшінші орынды оңтүстік кореялық Kia компаниясы місе тұтқан. Тізімнің төртінші орнынан Toyota көліктері табылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «Хонда», 2015 жылы «Chevrolet», ал 2014 жылы «Ford» көліктері ең танымал маркалар атанған болатын.

326 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper