Қазақстанда хоспистер саны артады

Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 15:43
Қазақстанда хоспистер саны артады

Елімізде қатерлі дерттерге ұшыраған азаматтарға көмек көрсететін хоспистер саны көбейеді.

Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам қазақстандық, түрлі айықпас дерттерге және онкологиялық сырқаттың соңғы сатысына ұшыраған. Бір өкініштісі, олардың жарты бөлігіне ғана арнайы хоспистерде (айықпас сырқаттарға паллиативті көмек көрсетуге арналған медициналық мекеме) жәрдем көрсетіледі.

Бұдан бөлек, бұндай орындардың саны да елімізде аса көп емес. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязованың сөзінше, қазіргі таңда хоспистер елдің небәрі 7 өңірінде, атап айтсақ, Алматы, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Семей және Қарағанды қалаларында ғана бар. Арнайы мекеменің аздығы салдарынан қалған науқастар бүгінде үйлерінде ем қабылдап жүр.

Сондықтан бұл өзекті мәселені шешу мақсатында мемлекет хоспистердің санын көбейтуді қолға алғалы отыр. Жоспар бойынша алдағы 2018 жылы елімізде тағы 7 хоспис ашу көзделуде.

228 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper