Тарихтағы ең қымбат өнер туындысы деп табылған картинаны Да Винчи 1490 жылы салған деп болжанады. Суретте көк киім киген Иисус Христос бейнеленген. Ол оң жақ қолымен ризашылығын білдіріп тұрса, екінші қолымен мөлдір түсті шарды ұстап тұр. Картинаның көлемі - 64,5x44,7 см. Осы уақытқа дейін туынды ресейлік кәсіпкер Дмитрий Рыболовлевтің иелігінде болған еді. Кәсіпкер картинаны 2013 жылы швейцариялық арт-дилер Ив Бувьеден $127,5 миллионға сатып алған болатын.
Жоғарыда аталған басылымның мәліметінше, Да Винчидің көне мұрасының қазіргі иегері Сауд ханзадасы Бадер бин Абдулла бин Мұхаммед бин Фархан әл-Сауд.
Бүгінде туындының алдағы келешегі де белгілі болды. Картина алдағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында ашылған «Лувр Абу-Даби» мұражайына қойылады. Бұл туралы музей өкілдері Twitter-дегі парақшаларында мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл мұражай осы жылдың қараша айында ашылды. Қазіргі таңда оның коллекциясында түрлі дәуірлер мен өркениетке жататын 300-ден астам экспозиция бар.