Қазақстан ғарышқа тағы бір азаматын аттандырады

Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2017 19:18
Қазақстан ғарышқа тағы бір азаматын аттандырады

«Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов Ақтөбе қаласына іссапармен келді. Халықпен кездесу барысында ғарышкер Диапазон газетімен Қазақстанның ғарыш саласындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ғарышкер Айдын Айымбетовтың сөзінше, еліміз бүгінде Байқоңыр ғарыш кешенінде «Бәйтерек» атты жердегі ғарыш кешенін салуда. Алдағы уақытта Ресей елімен бірлесе отырып, экологиялық тұрғыда таза жанармай негізінде зымырантасығыштың құрылысы басталады. Ресей қазіргі таңда 6 орынға арналған ғарыш кемесін жасақтауда. Оның экипажының құрамында міндетті түрде Қазақстан азаматы болады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан атынан ғарышқа үш ғарышкер аттанған болатын. Соңғы сапар осыдан екі жыл бұрын 2015 жылы жасалды.

250 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper