Қазақстанға жаңаша сипат беретін жобалар іске қосылды

Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2017 10:43
Қазақстанға жаңаша сипат беретін жобалар іске қосылды

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан бүгінде түрлі бағыттарда өркендеп келеді. Елде бұрын соңды жасалмаған жобалар, тұтастай жаңару мен жаңғыруды көздейтін мемлекеттік жоспарлар қоғамды тың өзгерістерге жетелеуде. Осыған дейінгі қарқын да жаман емес. Әйтсе де, бір орында тұрып қалуға әсте болмас. Еліміздің инновациялық дамуы жолында алда қандай мақсаттар тұр? Біз бүгін келешекте Қазақстанды жаңа қырынан танытуға мүмкіндік беретін салаларды саралап көрдік.

Жалпы аса құнды дүниенің барлығы ауылдан шығатыны жасырын емес. Тірлігіміздің басым бөлігі қалада жасалғанымен, бәріміздің сусындайтын жеріміз – ауыл. Аттың айналып келіп қазығын табатыны секілді бұл шындықты бәріміз де мойындаймыз. Құнды дүние демекші алдағы уақытта аса мәртебелі «алтын» өнімі де осы ауылдан өндірілмекші. «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақмола облысындағы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосты. Олар алдағы уақытта доре қорытпасымен 4 тонна алтын, 2 тонна күміс өндіруді көздеп отыр. Негізі Қазақстанның әр жерінде 100-ден астам кен орындары бар. Олардың барлығын тиісті мөлшерде үнемдеп өз қажетімізге жарата алсақ болғаны.

Ал Атырау өңірінде металл құрылғыларын шығаратын зауыт өз жұмысын бастап кетті. Олар роботтық технологиялар арқылы жылына 6 мың тонна металл құрылғыларын шығаруды көздеуде. Бұл кешен қазіргі таңда қазақстандықтарға жаңа 50 жұмыс орнын ұсынып отыр. Жалпы металл заты еңбектің қай саласында да аса қажет дүние. Сондықтан зауыттың қызметі алдағы уақытта тек алға жылжи беретіндігі түсінікті. Оның үстіне бұл отандық өнім әрі оған ел ішінде болған соң сұраныс та жоғары.

Металл демекші, елімізде ескірген металлдарды қабылдап, кейіннен оны кәдеге жарататын зауыт та жұмыс жасамақшы. Қарағанды облысының «Recycling Company» ЖШС ескі автокөліктерді утилизациялайтын болады. Кейіннен олар өңделген соң, баяғы қалдықтардан болат, алюминий, түсті металлдар алынып, жаңа бұйымдар жасалады. Яғни ештеңе де жерде қалмайды. Демек қоғам ішінде жүйелі жұмыстар жүргізілмек.

Дамудың даңғыл жолында Жамбыл облысы да қалыс қалған жоқ. Бұл өңір елімізге гранит тасының бай қорымен танымал. Астана мен Алматы қалаларының мекемелерінің көбісі осы аймақтың гранитімен жабылған. Сондықтан бұл саланы одан әрі өркендету мақсатында Жамбылда ірі зауыт ашылып отыр. Жаңа кәсіпорын тек гранит қана емес, мәрмәр және гипс өңдеумен айналыспақшы. Жобаны «Оргстрой» аталатын компания іске асырмақ. Зауыт өкілдері елдің экспорттық әлеуетін көтеруді көздеп отыр. Мәселен олар өнімнің 60%-ын Ресей мен ТМД елдеріне жеткізгісі келеді.

Осы аталғандардың барлығы жаңа өндірістердің бірнешеуі ғана. Елімізде бірқатар қажетті салалар жанданып келеді. Әр аймақ өзіне берілген әлеуетке сай жұмыс жасап жүр. Солтүстік, батыс, шығыс өңірлерінде жоғары технологиялық тамақ өнеркәсібі орындары ашылды. Оңтүстік Қазақстан дәрі-дәрмек шығаруды жандандырса, Қызылорда цемент өндірісін қолға алды. Бұдан бөлек, Қазақстанда баламалы энергетика, робот техникасы,

авто, темір, әуе жолдары салаларына қатысты тың жобалар жұмысы басталды. Осылайша еліміз рухани ғана емес, инновациялық тұрғыда да жаңғырып келеді деуге әбден болады.

336 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper