Instagram-да жаңа функция пайда болды

Сәрсенбі, 06 Желтоқсан 2017 10:10
Instagram-да жаңа функция пайда болды

Instagram әлеуметтік желісінде «Stories Highlights» деп аталатын жаңа функция пайда болды.

 

Бұл жаңа қызмет түрі түрлі оқиғаларды, әңгімелерді (инстаграм тілінде «сториз») жариялағанды ұнатушыларға арналған. Инстаграм пайдаланушылары бүгінде сториздерді кеңінен қолданып жүр. Сол себепті де желі құрастырушылары аталмыш функцияны жан-жақты дамытуда.

Бұрын инстаграмда сториз ретінде 24 сағат ішінде жасалған бір ғана фото мен видеоны жариялау мүмкін болатын. Сондай-ақ, ол жариялағаннан кейін бір тәуліктен соң профильден мүлде жоғалып кететін.

Ал жаңа қызмет түрі сториздерді жеке парақшадағы бөлек қосымша параққа түсіреді. Ол пайдаланушы әлі жарияламаған фотосуреттер жиналған «мұрағатта» сақталады. Бір айта кетерлігі, олар хронологиялық тәртіпте сақталып тұрады.

Сториздердің мұрағатынан барлығына көрініп тұратын жеке лента құрастыруға болады әрі пайдаланушы қай сториз лентаға шығатынын не шықпайтынын өзі таңдайды.

Жаңа функция қазіргі таңда iOS және Android операциялық жүйелері үшін Instagram-ның 25-ші нұсқасында қолжетімді.

184 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper