FIFA кубогы Қазақстанға әкелінеді

Сәрсенбі, 06 Желтоқсан 2017 10:03
FIFA кубогы Қазақстанға әкелінеді

Футболдан әлем чемпионатының жеңімпаздары иеленетін FIFA кубогы келер жылдың ақпан айында елімізге әкелінеді.

Кубок 2018 жылы Пәкістан елінен Қазақстанға 4 ақпан күні жеткізіледі деп күтілуде. Бұдан соң, ол Алматы қаласындағы «Мега» сауда орталығына орналастырылмақ. Қазақстандық футбол сүйер қауым бұл жүлдені 1 ғана күн көре алады. Себебі, ұйымдастырушылар оны әлем чемпионаты басталғанға дейін дүние жүзінің 50-ден астам еліне апарып көрсетпекші. Кубок елімізге әкелінген соң, жанкүйерлер арасында Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына арналған бір билет ұтысы өткізілетін болады деп жоспарлануда.

Естеріңізде болса, қазақстандықтар кубокты 2010 жылы да көрген болатын. Сол уақытта оны тамашалауға жиналғандар саны 90 мың адамға жеткен еді.

122 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper