«Алтын адам» қайда кетті?

Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017 10:33
«Алтын адам» қайда кетті?

Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» Қазақстан шекарасынан асырылып, әлем елдеріне таныстырылуға әкетілді.

Аталмыш ескерткіш алғаш рет шетел асып отыр. Бұндағы мақсат - халықаралық жоба аясында құнды жәдігерімізді әлемнің басты мұражайларында көрсету. Бұл жоба 3 жылды қамтиды деп жоспарлануда.

Бүгінде «Алтын Адам» Беларусь елінің астанасы Минск қаласының ұлттық мұражайында тұр. Сақ тайпасының біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлардағы алтын бұйымдары ұсынылған бұл көрме 28 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Келер жылы экспозицияларды Испания, Үндістан, Қытай, Корея және Жапония елдеріне таныстыру жоспарға алынып отыр. Бұдан соң көрме Еуропа елдері мен АҚШ-та қойылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алтын адам» өткен жылдың жаз айында тұңғыш рет Қазақстанның қалаларына апарылған болатын. Көрме барысында ел тұрғындары құнды жәдігерді тегін тамашалай алды.

124 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper