Қазақстан өркендеуші елдер рейтингінде жоғарылады

Дүйсенбі, 04 Желтоқсан 2017 10:19
Қазақстан өркендеуші елдер рейтингінде жоғарылады

Ұлыбританияның Legatum Institute аталатын аналитикалық орталығы әлемдегі өркендеуші елдердің тізімін жариялады.

Аталмыш ұйым әлемнің гүлденіп келе жатқан мемлекеттерін анықтаумен 2006 жылдан бері айналысып келеді. Бұндағы мақсат-жаһандағы қоғамдық әл-ауқаттың даму деңгейін анықтау. Ұйым өкілдері жыл сайын әр мемлекеттің экономика, кәсіпкерлік, білім беру, медицина, қауіпсіздік, денсаулық сақтау сынды түрлі салаларындағы жетістіктерін бағалайды.

Жалпы, ғаламдық әл-ауқатты зерттеу жұмысы 149 елді қамтиды. Тізімде Қазақстан да бар. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша біздің елдің рейтингі былтырғыға қарағанда біршама жоғарылаған. Осы жылы Қазақстан 72 орынға көтеріліп отыр. Ал былтыр 82-ші орынды місе тұтқан болатынбыз. Осылайша, орталық азия елдерінің ішінде еліміз көш бастап тұр. Бізден соң 82-ші орында Қырғызстан және 102-ші орында Тәжікстан мемлекеті тұр. Ресей елі 101-ші, Қытай 90-шы орынға жайғасқан. Ал көшбасшы мемлекеттердің үштігіне Норвегия, Жаңа Зеландия және Финляндия кірген.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылы Қазақстан білім (35-ші орын), экономика (46-шы орын) және іскерлік орта (53-ші орын) салаларында жақсы көрсеткіштерге ие болған.

42 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper