Геннадий Головкиннің мұражайы ашылады

Сенбі, 11 Қараша 2017 15:26
Геннадий Головкиннің мұражайы ашылады

Қарағанды қаласында бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинге арналған мұражай ашылмақ.

 

Биыл жаз айында, еліміздің абыройын шетелде асқақтатып жүрген отандасымыздың атындағы спорт кешені салынған болатын. Ол боксшының туған жері Қарағанды облысында орналасқан. Ашылғалы отырған мұражай осы спорт кешенінің мекемесінде болмақ.

Музейді қалыптастырудағы негізгі мақсат – спортшының жетістіктерін дәріптеу арқылы жас ұрпақтың мақсатқа деген талпынысын дамыту. Спорт арқылы жастарды жігерлі болуға тәрбиелеу.

Алдағы уақытта ел тұрғындары бұл музейден Геннадий Головкиннің түрлі уақытта алған марапаттары мен кубоктарын, жекпе-жектерінің афишаларын, бокс қолғаптарын және Олимпиадалық ойындарда киіп шыққан киімдерін көре алады. Бұдан бөлек, музейге боксшының рингке киіп шығатын алтын жіптермен жазылған GGG деген жазуы бар атақты шапаны да қойылады деп жоспарлануда. Бұл шапан мұражайдың эксклюзивті жәдігері болмақ.

412 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper