Қарағандыда өткен аукционда сауда павильондарын салу үшін 5 жер телімі сатылды

Сәрсенбі, 08 Қараша 2017 18:46
Қарағандыда өткен аукционда сауда павильондарын салу үшін 5 жер телімі сатылды

Қарағандыда 13 жер телімі аукционға қойылған болатын. Олардың бесеуі жалпы сомасы 500 мың теңгеге сатылды. 

- 2-ші қараша күні жер аукционы өтті. Қазыбек би және Октябрь аудандарында орналасқан 13 жер телімі 5 жыл мерзімге уақытша пайдалану үшін ұсынылды. Солардың 5-і халық тұтынатын тауарларды сату үшін павильондар салуға берілді. Бес лот бойынша түскен жалпы сома 500 мың теңгені құрады,-деп хабарлады Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінен.
Бұл бес жер теліміде Октябрь ауданының 21-ші және 22-ші шағынаудандарында, Зелинский-Пирогов, Социалистическая-Мелитопольская көшелерінің қиылысы мен Металлистер көшесінде орналасқан. Әр жер телімінің көлемі – 0,0018 гектар. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті, жәнеде сауда барысында сату бағасы бастапқы бағадан 20 есеге артты.
Жерді жалға алушылар жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерте алмайды.
Дегенмен Федоров су қоймасындағы демалыс орындарына бағытталған жер телімдерін сатып алушылар табылмады. Олар келесі аукционда қайта саудаға қойылады.

 

 
24540 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper