2020 жылы таза энергетикаға толықтай көшетін

Сәрсенбі, 08 Қараша 2017 18:36
2020 жылы таза энергетикаға толықтай көшетін

Үш жылдан соң Шотландия ең алғаш болып таза энергетикаға ауыспақ.

 

Аталмыш елдің билігі 2020 жылға қарай су, жел және күн энергиясына 100% өтетінін мәлімдеді. Бұл ойлары елде қуаттылығы 500МВт болатын жел электр станциясын құру арқылы жүзеге аспақ. Ал қазіргі таңда Шотландиядағы жаңғыртылатын қуат көздерінің үлесі 60%-ды құрайды. Бүгінде бұл елге аталмыш қуат көздеріне өту ешқандай қаржылық қиындық туындатып отырған жоқ. Үкімет 500-мегаваттық жел электр станциясының салынуына жан-жақты қолдау көрсеткен. Шотландияның ендігі мақсаты – оның қуатын 1000 МВт-қа дейін арттыру.

Бір айта кетерлігі, баламалы қуат көздеріне көшу бүгінде әлемдік трендтке айналды. Мәселен, Қытайдағы провинциялардың бірі бір апта бойы 100% таза энергетикамен өмір сүре алған. Ал АҚШ-тың ірі саналатын Атланта қаласы 2035 жылға қарай, Калифорния штаты 2045 жылға қарай қазбалы отыннан мүлде бас тартқалы отыр. Өз кезегінде сарапшылар да 2030 жылдары Еуропаның 30% энергетикалық қажеттіліктерін жел энергиясы қамтамасыз етеді деп болжап отыр.

Ал соңғы жүргізілген жаһандық зерттеулерге сүйенсек, әлемнің 139 елі 2050 жылға қарай жаңғырмалы қуат көздеріне тұтастай өтеді.

474 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper