«Ордабасы» футбол клубы сатылды

Сәрсенбі, 08 Қараша 2017 18:29
«Ордабасы» футбол клубы сатылды

Оңтүстік Қазақстан облысының ірі кәсіби футбол клубы аукционда 5,5 миллиард теңгеге сатылды.

Тендерге негізі бес үміткер қатысқан. Олардың қатарында «БИІК» Спорт Сервис» ЖШС мен «Намыс» спорттық орталығы» да бар. Аукциондағы бастапқы баға 248 983 000 теңгені құраған. Нәтижесінде ордабасылық футбол құрамасы 5 505 000 000 теңгеге сатылды. Бірақ әзірге клубтың жаңа иегері туралы ақпарат ашық айтылған жоқ.

Ендігі 10 жылдан кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шартқа сәйкес, «Ордабасының» жаңа иесі сенімгерлік басқару мерзімі ішінде 120 миллионнан кем емес шамада инвестиция құюы қажет. Бұдан бөлек, клубтың жаңа иегері жұмыс орындарын сақтап қалуы тиіс. Сонымен қатар, спортшыларды тарту мақсатында Қазақстан азаматтары үшін қосымша 10 жұмыс орнын құруы шарт.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» ФК ағымдағы жылдың шілде айында электрондық саудаға шығарылып, жарты миллиард теңге сатылған болатын. Бірақ ертеңіне клубтың президенті Бахтияр Байсейітов «Ордабасының» сатылуы жайлы мәліметті растамады. Кейіннен 3 тамыз күні gosreestr.kz сайтында алдағы өткен сауда өз күшін жойғандығы туралы ақпарат шықты.

440 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper