Қырғыз президентінің инаугурациясында өзге мемлекет басшылары болмайды

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 15:17
Қырғыз президентінің инаугурациясында өзге мемлекет басшылары болмайды

Таяуда Қырғыз елінің жаңа президенті атанған Сооронбай Жээнбековтың инаугурациясына өзге елдердің президенттері қатыспайтын болды. Бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Алмаз Усенов баяндады.

Алмаз мырзаның айтуы бойынша, бұл рәсімге Қырғызстандағы шетелдердің елшілері шақырылмақ. Ал өзге мемлекет басшыларының аталмыш салтанатты жиынға қатыспауы «әлемдік тәжірибеде бар» болған соң, тиісінше бұл жолы қырғыз билігі осындай шешім қабылдап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Сооронбай Шәріпұлы халықтың 54% дауысын жинап, ағымдағы жылдың 15 қазанында сайлауда жеңіске жеткен болатын. Оның инаугурациясы 24 қараша күніне бекітіліп отыр. Ал аталмыш елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың өкілеттік мерзімі 1 желтоқсанда тәмамдалады.

340 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper