Honda компаниясы 15 минутта қуатталатын көлік шығарады

Сейсенбі, 07 Қараша 2017 10:24
Honda компаниясы 15 минутта қуатталатын көлік шығарады

Жапондық Honda Motor компаниясы небәрі 15 минут ішінде қуат алатын электромобиль жасауды жоспарлауда. Жүрісі 240 шақырымға жететін жаңа модель 2022 жылға қарай саудаға шықпақ.

 

Бүгінде аталмыш компания ультражылдам қуаттағышы бар өнімділігі жоғары батареялардың жаңа түрін жасауда. Олар ағымдағы жылдың соңына дейін, 15 минут ішінде қуаттталатын электромобильдердің тұтас сериясының тұжырымдамасын ұсынбақ.

Инженерлердің есебі бойынша, жаңа көлік бір қуат алған соң, 240 шақырым жол жүре алатын болады. Қазіргі уақытта Honda өзінің гибридті модельдегі көліктеріне әзірге Panasonic-тың аккумуляторларын қолданып жүр. Ал автомобиль жасаушы компания өкілдерінің сөзінше, жаңа аккумулятор құрылғылары машиналарға 2022 жылдан бастап орнатылады. Бұдан бөлек, Honda келесі жылы қарапайым зарядты құрылғысы бар толықтай электрлік автокөліктер шығаруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда нарықтағы электромобильдердің басым бөлігін 80%-ға дейін қуаттау үшін кем дегенде 40-60 минут уақыт қажет. Оның өзі қуаттылығы жоғары зарядтау құрылғысы болған жағдайда ғана жүзеге асады. Сондықтан Honda-ның болашақ өнімі келешекте уақыт пен электр қуатын үнемдеуге көмектеседі деп күтілуде.

184 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper