Қостанай облысының басылымы латын қарпінде жарық көрді

Жұма, 03 Қараша 2017 10:23
Қостанай облысының басылымы латын қарпінде жарық көрді

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жасалып жатқан латын қарпіне көшу процесі бүгінде еліміздің өңірлерінде қолдау тауып, іс жүзінде жүзеге асуда. Мәселен, таяуда Қостанай облысындағы басылым кезекті нөмірінің алғашқы бетін латын әріптерімен оқырманға ұсынды.

 

Бірінші болып бастама жасаған бұл газет – «Арқалық хабары» деп аталады. 2004 жылдан бері жарыққа шығатын басылым, Арқалық қаласының тұрғындарына жергілікті жаңалықтарды 2 тілде таратып келеді.

Басылымдағылардың айтуы бойынша, олар Елбасы жаңа әліпбиді бекіткен соң, эксперимент ретінде газетті латынша шығарып көруді жөн санаған. Осылайша, редакция мүшелері басылымның бірінші бетіне латын әріптерімен мақалалар жариялады. Бұндағы мақсат – оқырмандардың жаңа әріптерді қалай қабылдайтындығын байқау.

Жаңа үлгідегі әліпбиді қазірден бастап қолдану үрдісі бүгінде басталып кетті деуге болады. Естеріңізде болса, таяуда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» атты кітабы латын қарпінде қайта басылып шықты. Тіпті еліміздегі шенеуніктер де азаматтардан келіп түскен үндеулерге латын әріптерімен жауап жаза бастады.

282 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper