Мәскеуде роботтардың зираты пайда болды

Жұма, 03 Қараша 2017 10:20
Мәскеуде роботтардың зираты пайда болды

Ресей астанасындағы «Физико-техникалық парктің» техно саябағында үй роботтарының зираты ашылды. Ол жерге электрондық құрылғыларды, ойыншықтарды, гаджеттер мен батареяларды әкеліп тастауға болады.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бүгінде тұрмыстық техникаларды қоқысқа тастау қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Сондықтан пайдалануға жарамсыз деп тапқан гаджеттерді тапсыратын арнайы жер қажет. Ендігі адамдар зиратқа қызметін өтеп болған электрондық техникаларды, телефондарды, тіпті шаңсорғыштарды да тапсыра алады. Мекеменің мамандары келіп түскен электрониканы қайтадан өңдейді. Бұл дегеніміз – электрондық көмекшілер екінші рет өмірге келіп, адамдарға тағы да қызмет ете алады.

Үй роботтарының зираты «Физтехпарктің» бірінші қабатында орналасқан және электрониканы күнде қабылдайды.

202 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper