Жаһандық жол сапасы рейтингінде Қазақстан көш соңында қалды

Сәрсенбі, 01 Қараша 2017 10:54

Дүниежүзілік экономикалық форум әлем елдерінің автокөлік жолдарына баға берді. 137 мемлекетті сараптаған ұйымның тізімінде Қазақстан да бар. Бірақ, біз үздіктер қатарынан табылмадық. Себебі, сол санның астарында біздегі жолдың сапасы жатыр.

Жалпы, әлемдік дағдарыстар туралы жазатын Пулитцер орталығының мәліметінше, жыл сайын автокөлік жолдарында шамамен 1 миллионнан аса адам қаза табады. Дамыған елдерде өлім себептерінің ішінде жолдардағы өлім-жітім, АҚТҚ/ЖҚТБ, малярия, туберкулез сынды сырқаттардың арасында бесінші орынға жайғасқан. Өзіңіз білесіз, көлік апатынан қаза болу себептері көбіне жылдамдықтың артылуына, белдікті байламауға, мас күйінде рөлге отыруға байланысты деп жатады.

Дегенмен, қала мен ауылдық жерлердегі жолдардың ахуалы да бұл ретте маңызды екендігі ұмыт қалып жатады. Шынтуайтында, жол-көлік оқиғаларының 40% қозғалыс тәртібіне сай келмейтін жолдарда орын алады. Сондықтан бұл мәселе назарымыздан тыс қалатындығы алаңдарлық факт.

Ал осы проблема керісінше дүниежүзілік ұйымдардың жіті қадағалауында. Олар әлем халқының тағдырын талқылаған соң, бұндай сұрақтарды терең талдағанды жөн санайды. Мәселен, жаһандық экономикалық форумның сарапшылары жылда әлемдегі жолдардың ахуалын сараптайды. Жалпы бұл форум Швейцарияның үкіметтік емес ұйымы саналады. Ол жыл сайын ауқымды кездесулер өткізіп, көкейтесті проблемаларды, әсіресе денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылайды. Осы екі маңызды саланың бір ұшқыны саналатын «жолдар жағдайы» да сарапшылардың үнемі назарында. Жиында биыл 137 елдің жол инфрақұрылымы талданды. Жолдардың сапасы бағаланған рейтингте Қазақстан 115-ші орында тұр. Сарапшылар біздегі жағдайға 2,9 деген баға берген. Көрсеткіш бойынша 1 бағасы-өте нашар болса, 7-жақсы саналады. Жағдайымызды осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Үздік жетілікке Біріккен Араб Әмірлігі, Сингапур, Швейцария, Гонконг арнайы әкімшілік ауданы, Нидерланд, Жапония және Франция кірген. Біздің еліміз өкінішке орай жүздікке де ілікпепті. Көршілестерді айтар болсақ, Ресей бізден бір саты жоғары тұр, ал Қырғызстан 122-ші, Тәжікстан 70-ші, Әзірбайжан 36-шы орында. Былтырғы жылмен салыстырғанда Қазақстан 2 сатыға жоғарылаған. Әйтсе де, бұл ауыз толтырып айтуға мүлде келмейді. Жолдары нашар деп табылған тізімдегі соңғы ел – Мавритания. Бір қызығы, бұл мемлекет бір жыл ішінде 18 сатыға төмендеп кеткен. Өткен жылы ол 119-шы орынды місе тұтқан еді. Жалпы берілген баға осындай. Біздің бұдан нәтиже шығаруымыз уақыттың еншісінде. Десе де, қарапайым тұрғындардың әл-ауқатына, саулығына, тіпті халықаралық интеграцияға тікелей ықпал ететін жол мәселесі бізде әлі күнге кенже қалып қойып жүр.

Мәселенің шешімін табу үшін билік шара жүргізбейді дей алмаймыз бірақ. Биыл мемлекеттік бюджеттен жол жұмыстарына аударылған қаржы көлемі 160,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық маңыздағы жолдарды жөндеуге және көгалдандыруға 73,4 млрд. теңге бөлінген. Облыстық және аудандық жолдарға 71,1 млрд. теңге және елді мекендердің көше-жол желілерінің жөндеу жұмыстарына 8,6 млрд. теңге шығарылды. Жалпы бөлінген қаржы 2016 жылмен салыстырғанда 60%-ға көп. Бұлай

жасаудың себебі де жоқ емес. Өйткені, облыстар мен аудандардағы жолдардың тек 21% жақсы қалыпта. Орта деңгейдегілердің үлесі 44% болғанымен, бәрібір 35%-ның сапасына қанағаттану қиын. Десек те, билік алдағы уақытта жұмыстар қарқын алады деп сендіріп отыр. Мәселен, жоспар бойынша 2018 жылы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 67%-ды құрайды деп күтілуде. Бұл пайыз іс жүзінде нәтижесін берсе, тұтас ахуал да өзгерер бәлкім. Себебі, бір ғана жолдың өзі бүгінде жүйелі түрде адам тағдырына да, әл-ауқатқа да әсер етіп отыр.

250 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper