Оралхан Бөкейдің кітабы ағылшын тіліне аударылды

Дүйсенбі, 26 Ақпан 2018 10:47
Оралхан Бөкейдің кітабы ағылшын тіліне аударылды

Халқымыздың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді.

Кітаптың көркем аудармасы Англия астанасы Лондонда басып шығарылған. Жоба авторлары – отандық халықаралық ПЕН-клуб. Аталмыш ұйымның еліміздегі басшысы Бигелді Ғабдуллин мырзаның сөзінше, кітапты ағылшын тіліне Саймон Гейган және Саймон Холлингсворт атты шебер аудармашылар аударған.

Ресми деректерге сүйенсек, кітап 250-300 нұсқамен таралымға шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық халықаралық ПЕН-клуб соңғы жылдары Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Смағұл Елубай, Мұхтар Әуезов сынды авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударып, кітаптарын басып шыққан. Ұйым өкілдерінің сөзінше, олар алдағы уақытта тағы 25 қазақ классиктерінің еңбектерін аударуды жоспарлап отыр.

176 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper