Сізді бақытсыз ететін 5 әдет

Жұма, 23 Ақпан 2018 10:57
Сізді бақытсыз ететін 5 әдет

Өмірде түрлі сәттер болып жатады. Бірі қуантады, екіншісі керісінше мұңайтады. Бірақ, бір өкініштісі біз сол жағдайлардың не үшін орын алып жатқандығына назар аудара бермейміз. Қуанышты сәтті көбіне бағаламаймыз, ал қайғылы жағдайды еңсеруге тырыспаймыз. Ал негізінде бұлардың барлығы өмірге деген құлшыныстың деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, өмірге деген сүйіспеншілікті арттыру үшін өз мінез-құлқымызды өзгертуіміз абзал. Назарларыңызға көбіміз баса назар аудара бермейтін әрі бізді бақытсыз етіп жүрген 5 әдетті ұсынамыз.

1. Өзіңізді біреумен салыстыру

Бақытты адам өзгелердің белгілі бір істі қалай жасайтындығын және табысқа қалай жеткендігін ойлап бас қатырмайды. Себебі, ол өз жолымен жүріп бара жатқандығын анық біледі. Өзін біреумен салыстырудың, бәсекелестіктің ешқандай мәні жоқ екендігін түсінеді. Өзгелердің сән-салтанатқа толы әдемі өмірі сізді өзіне баурап жаңылдырмауы тиіс. Өйткені, әркімнің дұрыс деп санайтын өзіндік өмір жолы бар.

2. Өзгенің пікіріне көңіл аудару

Бәріне бірдей ұнауға тырысу – әуелден дұрыс емес стратегия. Әр адамның өзіндік пікірі болуы қажет. Сізге не ұнайтынын, өмірде нені қатты қалайтыныңызды тек өзіңіз ғана білесіз. Сондықтан, өзгелердің не ойлайтындығына тым көп алаңдау – бос әурешілік. Бақытты адамдар – өздері нені дұрыс әрі маңызды деп санаса, соны жасайды.

3. Өз-өзіңді аяу.

Барлық адамның басынан қиын жағдайлар өтеді. Бірақ, бақытты адам өзін-өзі мүсіркеу немесе аяу үшін уақытын бекерге жұмсамайды. Ол болып жатқан күрделі жағдайды жеңу үшін талпыныс жасайды.

4. Ескі естеліктерді үнемі есте сақтап жүру

Бұрын басыңыздан өткерген қуанышты не мұңды оқиғаларды ойыңыздан шығармау - бақытты болуға кедергі келтіреді. Бастан өткен мұңды жағдай - қазіргі өмірдегі жаңа жағымды сәттерге қадам басуға мүмкіндік бермейді. Ал бұрынғы қуанышты сәттер қайта оралып келместей сезіледі. Сізге қазір бақытты болу үшін белгілі бір сәтті немесе адамды күтудің қажеті жоқ. Сіз қолда барды қазір бағаламасаңыз, ештеңе өзгермейді.

 

5. Өзгерістерден қорқу

Белгілі бір өзгерістер міндетті түрде жақсылыққа әкеледі деу әрине жөнсіз. Бірақ оларсыз даму, өзіңізді алға итермелеу мүмкін емес. Бақытты адамдар өзгерістерден қорықпайды. Олар өмірдің оларға жаңа мүмкіндіктер сыйлап жатқандығына қуанады

296 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
JoomShaper