Көкшетауда онкологиялық емхана салынады

Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 13:29
Көкшетауда онкологиялық емхана салынады

ҚР-ның денсаулық сақтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламасының аясында биыл Көкшетауда жаңа онкологиялық емхана құрылысы басталады.

Үкімет республикалық бюджет есебінен бұл мақсатқа 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Бұл туралы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы хабарлады. Аталмыш облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде жыл сайын 1800-ден астам жаңа онкологиялық сырқаттар фактісі тіркеледі.

Сондай-ақ, онкологиялық диспансерлерге келушілер саны да күніге артып, жылына 50,2 мың адамға дейін жеткен. Қаралуға келетін адамдар санының көптігінен және үнемі кезектің орын алуы, тұрғындарға түрлі қолайсыздықтар тудыруда.

Сондықтан, жаңа орталықтың ашылуы өңірдегі бірнеше күрделі жағдайдың алдын алуға көмектеседі деп күтілуде.

232 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper