Әзірбайжан астанасында жаңа Диснейленд пайда болады

Дүйсенбі, 12 Ақпан 2018 17:11
Әзірбайжан астанасында жаңа Диснейленд пайда болады

Британдық инвесторлар әзірбайжандық кәсіпкерлермен бірігіп Баку қаласында DreamWorks атты ірі саябақ салмақшы.

DreamWorks – Диснейлендтің аналогы саналады. Бұндай ірі саябақтар әлемнің бірнеше қалаларында бар. Бұл жерде халық мультфильмдер мен компьютерлік ойындардың кейіпкерлеріне толы, ертегіге ұқсас ғажайып ойын-сауық орталығымен таныса алады.

Бүгінде осы салада жұмыс жасайтын британдық мамандар құрылысқа қолайлы Бакудың аудандарымен танысып шыққан. Сондықтан, мамандар алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына кіріспек.

Әзірбайжанның туристік қауымдастығының басшысы Нахид Багировтың сөзінше, елдің елордасында орналасқан бұндай кешен туристер үшін біршама тартымды мекенге айналуы мүмкін.

184 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper