Арқалықта биыл жаңа ет комбинаты ашылады

Дүйсенбі, 12 Ақпан 2018 17:08
Арқалықта биыл жаңа ет комбинаты ашылады

Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласында ет өңдеуші кешеннің құрылысы басталды.

Бұл зауытта алдағы уақытта Қостанай облысының аудандарынан ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінен жеткізілетін еттер өңделмек. Жаңа кешеннің қуаттылығы тәулігіне 10 тонна болады деп күтілуде.

Құны 900 миллион теңгені құраған бұл комбинатты ағымдағы жылдың шілде айында ашу жоспарланып отыр. Ал бүгінде онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, зауыт басшылығы шетелден әкелінетін арнайы техниканы күтуде.

Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта комбинатта өңделген ет пен одан жасалған өнімдерді еліміздің аймақтары мен Ресей Федерациясы тұтынатын болады.

304 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper