Өзбек әншілеріне бейнеклипке ашық-шашық түсуге тыйым салынды

Дүйсенбі, 12 Ақпан 2018 17:05
Өзбек әншілеріне бейнеклипке ашық-шашық түсуге тыйым салынды

Өзбекстанда өлеңдер және бейнеклиптер телеарналар мен интернетте көркемдік кеңесшілер мақұлдаған соң ғана жарияланатын болады.

«Өзбекконцерт» мемлекеттік мекемесі өз сайтында эстрада әртістеріне көркемдік кеңестің шешімін алу тәртібін жариялады. Онда әртістер қауымының жарыққа шығарылатын туындыларына қатысты бірқатар мәселелер қарастырылған.

Мемлекеттің мәдениет саласы эстрада әншілеріне осылайша бірнеше шарттар қойып отыр. Мәселен, жатын бөлмесінде немесе жартылай жалаңаш күйде түсірілген роликтер мүлде мақұлданбайтын болады. Сондай-ақ, кадрге әртістердің татуировкалары түспеуі қажет.

Бейнеклипке қымбат үйлер мен автокөліктерді, сәнді әшекейлер мен шектен тыс сән-салтанатты түсіруде біраз шектеулер қойылмақ. Бұдан бөлек, ер азаматтарға әйелдердің киімдерін киіп және әшекейлерін тағып, ал әйелдерге ашық-шашық киініп түсуге рұқсат етілмейді.

Бұл құжатта сонымен қатар, роликтердің мазмұны ұлттық менталитетке және жалпыадамзаттық құндылықтарға қарсы келмеуі керек делінген.

220 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
JoomShaper