Әзірбайжанда жаңа діни институт ашылады

Жексенбі, 11 Ақпан 2018 14:59
Әзірбайжанда жаңа діни институт ашылады

Ел президенті Ильхам Алиев Әзірбайжандық теология институтының құрылуы туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы мемлекет басшысының ресми сайты хабарлады. Қаулыға сәйкес, таяуда діни құрылымдармен жұмыс жасау бойынша мемлекеттік комитеттің жанынан теологиялық институт ашылады. Елде бұндай институтты құрудағы негізгі мақсат – діни қызмет саласында еңбек ететін жоғары білікті кадрлер дайындау.

Ресми деректерге сүйенсек, алдағы екі ай ішінде жоғарыда аталған мемлекеттік комитет президент Ильхам Алиевпен бірге институттың жарлығын бекітпек.

Ал министрлер кабинетіне екі ай аралығында институтқа арнайы мекеме бөлу және оны қаржыландыруға әрі техникалық қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу жүктеліп отыр.

124 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
JoomShaper