Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы әмбебап вакцина ойлап тапты

Жұма, 09 Ақпан 2018 13:42
Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы әмбебап вакцина ойлап тапты

АҚШ-тың ұлттық биовизуализация және биоинженерия институтының ғалымдары қатерлі ісікпен күресетін нановакцина жасап шығарды.

Бұл нановакцина иммундық жасушаларды қатерлі ісікке шабуыл жасаттырады және альбумин қышқының көмегімен лимфатикалық түйіндерге жеткізіледі.

Ғалымдар антигендерге Evans blue бояғыштарын қосқан. Ол қанның сарысуында кездесетін және бауырда синтезделетін альбумин ақуызымен байланысады. Бұларға сондай-ақ, иммундық реакцияны күшейтетін ДНҚ-ның шағын фрагментін қосқан.

Жаңа препаратты қатерлі ісіктің бірнеше түрлерінде, оның ішінде тышқандардағы айырша без қатерлі ісігінде сынақтан өткізген. Жануарларға әуелі препаратты егіп, кейіннен қатерлі ісік жасушаларын жұқтырған. Төрт айдан соң жеті кеміргіштің бесеуі тірі қалған. Кейіннен оларға тағы бір мәрте қатерлі ісік жасушаларын енгізген. Нәтижесінде 6 ай өткен соң тек бір ғана тышқан мерт болған.

Ғалымдар бұл сараптама жаңа дәрінің жоғары деңгейдегі тиімділігін көрсетті деп отыр. Зерттеушілер алдағы уақытта оны тағы да сынап көруді жоспарлауда. Дегенмен, олар бүгіннің өзінде вакцина қатерлі ісіктің толықтай шегінуіне септігін тигізетіндігіне сенімді.

96 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Ақпан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        
JoomShaper