Қытайда жолаушыларға арналған аэротакси сыналды

Бейсенбі, 08 Ақпан 2018 17:06
Қытайда жолаушыларға арналған аэротакси сыналды

Жуырда Қытай елінде ұшатын аэротаксилер пайда болады.

Қытайлық Ehang стартабының өкілдері интернетке Ehang 184 атты жолаушыларға арналған квадрокоптердің ұшу сапары көрсетілген бейнежазбаны жүктеді.

Ресми деректерге сүйенсек, аппарат осы уақыт ішінде түрлі табиғи жағдайларда мыңнан аса сынақ жүргізген. Сондықтан, компания алдағы уақытта өз өнімдерін халыққа ұсынуға дайын отыр. Яғни, ұшатын таксилер жуырда қытайлық қалаларда қызмет ететін болады.

Инженерлердің айтуынша, бұл көлік түрі сағатына 130 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Сондай-ақ, тұманды, ыстық және қатты жел күндері де 15 шақырым қашықтықты еңсеруге қабілетті.

Әзірге ұшатын такси тек жүргізуші мен жолаушыны, яғни екі адамды ғана тасымалдай алады. Бірақ, компания өкілдері келешекте таксиді ұшқышсыз басқара алатын бағдарлама жасақтауды қолға алмақшы.

78 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Ақпан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        
JoomShaper