Жапонияда криптовалютаға үй сатып алуға болады

Сейсенбі, 30 Қаңтар 2018 12:02
Жапонияда криптовалютаға үй сатып алуға болады

Жылжымайтын мүліктерді сатумен айналысатын жапондық Yitanzi компаниясы төлем ретінде криптовалюталарды қабылдай бастағандығын хабарлады.

Әзірге криптовалютамен тек бір нысанды ғана сатып алуға мүмкіндік бар. Ол бүгінде 547 биткоинге (6,4 млн. долларға жуық) сатылып жатқан шағын ғимарат.

Аталмыш компанияның техникалық директоры Йокосава Юскенің сөзіне сүйенсек, биткоинның қазіргі курсының арқасында байыған адамдар тиімді инвестиция жасау үшін жылжымайтын мүлік нарқына бет бұруда.

«Жапонияның жылжымайтын мүлік нарығында бүгінде криптовалютамен төлем алуға дайын адамдар бар. Сондықтан, Yitanzi өзінің алғашқы нысанын екі апта ішінде сатады деп санайды», - дейді Юске мырза.

Бір айта кетерлігі, бұл компания келешекте биткоиннан бөлек, эфириум криптовалютасын да қабылдау мүмкіндігін қарастырып отыр.

678 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper