Kaspersky АҚШ-тағы бөлімшесін жабатын болды

Сейсенбі, 12 Желтоқсан 2017 10:56
Kaspersky АҚШ-тағы бөлімшесін жабатын болды

Антивирустық бағдарламалар жасайтын Касперский Лабораториясы АҚШ астанасы Вашингтондағы бөлімшесінің жұмысын тоқтатқалы отыр. Бұған дейін Kaspersky Government Security Solutions бөлімшесі Американың мемлекеттік органдарына бағдарламалар сатумен айналысып келген болатын.

«Біз Арлингтондағы (Вашинтон қаласының маңында орналасқан қалалық округ) бөлімшемізді жабамыз. Себебі оның негізгі қызметі аяқталды», - делінеді компанияның баспасөз қызметінде.

Қазан айының соңында аталмыш лаборатория өз антивирустық бағдарламаларында америкалық дербес компьютерден алынған хакерлік кодты пайдаланғанын мойындаған болатын. Компания басшысы Евгений Касперский, ұлттық қауіпсіздік агенттігіне қатысты құжаттардың 2014 жылы «абайсызда» келіп түскендігін мәлімдеді. Касперскийдің сөзінше, бұл файлдар құпиялық сипаты анықталған соң, дереу өшірілген. Десе де бұл мәселе үлкен сипат алып, лабаротория қызметіне түрлі айыптаулар тағылды.

Жалпы бүгінде бұл ресейлік компанияға Америка елі жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр деуге болады. Ағымдағы жылы АҚШ билігі үкіметтік ведомстволарға Касперский Лабораториясының бағдарламаларын пайдалануға толықтай тыйым салды. Ал Касперский болса жауап ретінде компанияның ешқандай ресейлік арнайы қызметтерге, үкіметтік құрылымдарға қатысы жоқ екендіктерін дәлелдейтін барлық қажетті дәлелдерді ұсынуға уәде берді.

Сондай-ақ, компания 2018 жылдың басында тәуелсіз сарапшылардың тексерісіне дайын болатындықтарын жеткізді. Олар өздеріне жабылған жаланың жалған екендігін және қызметтерінің барынша ашық екендігін дәлелдегісі келеді. Бұдан бөлек, олар бүгінде 2018 жылы Чикаго, Лос-Анджелес және Торонто қалаларында жаңа кеңселерін ашу бойынша жоспарларынан үміт үзе қойған жоқ.

728 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
JoomShaper