Үйді тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы алған тиімді ме?

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 14:21
Үйді тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы алған тиімді ме?

Баспаналы болу – тұрақтылықтың бір белгісі. Тұратын жерің барда ертеңіңе алаңдамай, еңбегіңді жасап өмір сүре бересің. Ал керісінше пәтердің болмауы, қоғамның әлеуметтік және психологиялық ахуалына кері әсерін тигізеді.

Көптеген қоғамдық факторлар да осы тұрғын үйге тікелей тәуелді. Мысалы, Қазақстанда жыл сайын шамамен 150 мың неке тіркеледі. Осыған қарап, қаншама отбасының баспана мәселесіне тап болатындығын есептей беріңіз. Бүгінгінің көкейтесті сұрағы болған соң, билік те оның шешімін табу үшін жан-жақты жобалар жасауда. Осы мәселе тұрғысында адамға да, үкіметке де біраз тиімді бағдарламалардың бірін бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынып отыр деуге болады. Аталмыш жинақ банкі 2017 жылы өз клиенттеріне үй алу үшін 168 миллиард теңге қаржы берген. Депозит ашушылар саны да жыл сайын артып келеді. Банк мамандарының мәліметінше, салымшылар шот ашатын орташа сома қазіргі уақытта 5 миллион теңгені құрап отыр. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 3,8 млн. теңге көлемінде болған.

Бүгін біз бұл банк арқылы үй алу үшін қарыз алған қаншалықты тиімді екендігін қарастырып көреміз. Әуелі қандай шарттарды орындау керектігін анықтасақ. Банктен қарыз алу үшін сіз алдымен төлем жүргізуге қабілеттілігіңізді растайсыз. Сізге қойылатын талап – тұрғын үй қарызын алуға қажетті бастапқы жарна жинау әрі қаржыны әр ай сайын тұрақты түрде банк шотына аударып отыру. Жинақ салымының ең минималды мерзімі – 3 жылды құрайды. Бұл үшін сіз алдымен тұрғын үй құрылысы жинағы туралы келісімшартқа отырасыз. Жинайтын сомаңыз келісімшарттағы сомадан кемінде 50% болуы шарт. Яғни, құжатта көрсетілген қаржының жартысын өзіңіз жинайсыз. Негізі келісімшартта көрсетілген сан шартты түрде болуы мүмкін және сіз оны кез келген уақытта өзгерте аласыз. Өйткені, сіз ақыр аяғында пәтерді қаншаға сатып алатыныңыздан бейхабарсыз ғой. Қаржыны әр ай сайын жүйелі түрде жинап отырсаңыз, банк сізге жақсы мүмкіндіктер ұсына алады. Мысалы, банкте салымшылардың тәртіптілігін бағалайтын жүйе бар. Егер банк салымшысы аударымдарды уақытылы жасап тұрса және банк есебіне келісімшартта көрсетілген сомадан көп ақша аударса, оның бағалау көрсеткіші жоғары болады. Яғни, алдағы уақытта пайыз бойынша төлем біршама аз болмақ. Ал керісінше ақшаны тиісті сомадан аз жинап әрі төлемді уақытында жасамасаңыз, бағалау көрсеткішіңіз де төмендейді.

Тұрғын үй қарызы бойынша барлық талаптар сақталған жағдайда, банк елдегі ең төмен мөлшерлеме бойынша қажетті сома көлемінде несие береді. Жылдық мөлшерлеме 3,5%-5%-ды құрайды (ЖТСМ* жылдық 3,6%-дан бастап). Несиелеу мерзімі негізінен 6 жылдан 25 жылға дейін созылады.

Мысал ретінде 10 миллион теңге көлеміндегі пәтерді алу үшін қажетті ипотеканың құнын қарастырып көрелік. Жинақтау кезеңінде төлейтін ай сайынғы жарнаның үлесі – 105 000 теңге. Төрт жыл ішінде сіз қажетті 5 миллионды жинайсыз делік. Ендігі алдағы жеті жыл ішіндегі ай сайынғы жарнаңыз – жылдық 4,8%-бен 70 000 теңге болмақ. Сондағы артық төленетін сома 880 000 теңгені құрайды.

Мұндай ай сайынғы төлемді екінің бірінің қалтасы көтере бермесе де, үй алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен қарыз алу – мемлекет ұсынып отырған тиімді ұсыныстардың бірі.

244 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper