Табысқа жетудің 7 жолы

Дүйсенбі, 20 Қараша 2017 16:09
Табысқа жетудің 7 жолы

Сіз - бүгінгі күнге дейін жасаған әрекеттеріңіз бен қадамдарыңыздың нәтижесісіз. Сіздің мықты және осал тұстарыңыз бар. Жинаған тәжірибеңіз бен біліміңіз арқылы алға жүріп келесіз. Дегенмен жүрегіңіздің түбінде қазіргі қалпыңыздан да жақсы болғыңыз келетіні анық. Адамның арманы таусылған ба? Оларды іске асыру үшін бізге кейде уақыт, ал бірде батылдық жетіспей жатады. Бірақ бізді өмір бойы жетелеп жүретін сол мақсат-мұраттар емес пе?! Ендеше олардың жолында неге тер төкпеске? Назарларыңызға жетістікке жетудің жеті қадамын ұсынамыз.

1-ші қадам: Табысқа жетуге лайықты екеніңізді сезініңіз

Өзіңіз қалаған мақсатқа жету үшін білім алуға, жетістікке жетуге лайықты екеніңізді сезіну өте маңызды. Сіз кез-келген арманыңызды орындай аласыз. Бірақ ол үшін мұратыңыз бен өзіңізге шынайы түрде сенуіңіз керек. Қазір қай жерде екендігіңіз және өткеніңіздің қандай болғандығы маңызды емес. Өзіңізді бұрынғы сәтсіздіктеріңіз бен өкініштеріңіз үшін кешіріп, алға қадам басуыңыз абзал. Жетістікке лайықты екеніңізді біліп қана қоймай, түсінуіңіз де қажет!

2-ші қадам: Өз стратегиялық жоспарыңызды құрыңыз

Жеке стратегиялық жоспарыңызды құру өзіңіздің барлық ресурстарыңыз бен қабілеттеріңізді түгендеп алуға көмектеседі. Оларға біраз көз жүгіртіп алған соң, өзіңіз алдағы уақытта меңгеріп алуды қалайтын қасиеттерді жоспарға қосыңыз. Біліміңіз бен тәжірибеңіздегі осал тұстарды анықтап алған соң, сол жолда еңбек ете аласыз. Сондықтан мақсаттарыңызды іске асыру үшін сізге бағыт көрсетіп тұратын стратегиялық жоспар құру өте маңызды.

3-ші қадам: Өз салаңызда үздік болыңыз

Қазіргі жұмысыңызда қандай деңгейде болсаңыз да, өз салаңыздағы соңғы жаңалықтардан үнемі хабардар болып отыру абзал. Бәсекеге қабілетті болудың маңызды екенін есте ұстаңыз. Әлемдік трендтерді қадағалауды әдетке айналдырсаңыз әрі оларды өзіңіз де қолдана бастасаңыз, ой-өрісіңіз кеңейіп, сізге кеңеске жүгінетіндер қатары көбейеді. Бұл арқылы қоғамға ықпал ету мүмкіндігіңіз де пайда болады. Өзгелердің қалайша біртуар тұлға болғандығын да зерттеп көріңіз. Үйренеріңіз болса байқап көріңіз және қажетті қадамдарды қайталаңыз. Бірақ өзіңіздің де қайталанбас адам екендігіңізді ұмытпаңыз.

4-ші қадам: Сарапшының кеңесіне жүгініңіз

Кез-келген салада сарапшылар бар екендігі белгілі. Олардың кеңесін алудың ең оңай жолы – кітап дүкеніне немесе кітапханаға бару. Өз салаңызға қатысты публицистикалық кітап оқуға бөлінген уақыт – сізді кәсібіңіздегі өзгерістерді жақсы түсінуге септігін тигізеді.

5-ші қадам: Күн сайын бір маңызды (елеулі) іс жасап отырыңыз

 

Сізді өз мақсатыңызға бір ғана іс-әрекет емес, белгілі бір тәртіппен күн сайын жасалып отыратын әрекет қана жеткізеді. Күнде-күде бір істі қайталап жасап жүріңіз. Сонда өзіңізді күн сайын дамытып отыратын әдет пайда болады.

6-шы қадам: Шұғылданатын істеріңіздің ішінде қайсысы біршама басымдыққа ие екеніне талдау жасаңыз

 

Өзіңізге күніне бірнеше рет: «Мен қазіргі сәтте өзімнің болашағымның игілігі үшін жұмыс жасап жүрмін бе?», - деген сұрақ қойыңыз. Өзіңіз армандаған келешектегі бейнеңіз үнемі көз алдыңызда болсын. Әлемге көз жүгіртіңіз де, іс-әрекеттеріңізді өзгертіңіз.

7-ші қадам: Өз шешімдеріңізге жауапкершілік алыңыз

 

Сіз осы уақытқа дейін жасаған таңдауларыңыздың нәтижесі саналасыз. Шешімдеріңіз бен қадамдарыңызға толықтай жауапкершілік алсаңыз, өзіңізге әрі қарай дамуға және өзгеруге мүмкіндік бересіз. Жетістікке жету үшін осы жеті қадамды жүзеге асырыңыз. Алдыңызға мұрат қойып, қиындықтарды еңсеріңіз. Ең алдымен, өзіңізге деген сенімді ешқашан жоғалтаңыз.

384 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper