Зейнетке шығатын қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы ескерту қашан жасалады?

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 21:16
Зейнетке шығатын қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы ескерту қашан жасалады?

Бүгiн Мәжiлiс үйiнде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Бiржан Нұрымбетов халықты жұмыспен қамту және көшi-қон мәселелерi туралы Заң жобасын таныстырды. Жоба аясында зейнетке шығатын қызметкерлерге қатысты өзгерiстер енгiзiлмек, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

Бүгiн ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi депутаттардың талқылауына «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың жұмыспен қамтылуы және көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын ұсынды. Жоба аясында өзгерiстер мен толықтырулар 9 заңнамалық актiге, соның iшiнде 4 кодекс пен 5 заңға енгiзiлмек. Солардың бiрi - 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексi.

 

«Еңбек кодексiне енгiзетiн бiр-екi өзгерiсiмiз бар. Жұмыс берушi қызметкердiң зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты еңбек шартын бұзатын күнiне кемiнде бiр ай қалғанда оны хабардар етедi. Өздерiңiз бiлесiздер, Еңбек кодексiнде қызметкер зейнет жасына жетсе, оны жұмыстан шығаруға болады делiнген. Бiрақ, жұмыс берушi оны бiр ай бұрын ескертуi керек деп айтылған. Iс жүзiнде жұмыс берушiлер бұны әртүрлi ғып талқылай бастады. Жұмыс берушiлер арасында «ескертудi ертерек беру керек пе, кейiн беру керек пе?» деген сұрақ туындады. Сондықтан, бiз осыны нақтылап жатырмыз. Ендi қызметкер зейнет жасына жетедi, содан кейiн жұмыс берушiнiң оған ескерту жасауға құқығы пайда болады. Ескертудi бiр ай бұрын жасау керек болатындықтан қызметкердi зейнет жасына толған соң бiр айдан кейiн ғана жұмыстан шығаруға болады», - дедi Бiржан Нұрымбетов. 



Дереккөзі: alashainasy.kz

248 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper