Сатылымға жиналмалы смартфон шықпақшы

Жұма, 20 Қазан 2017 18:33
Сатылымға жиналмалы смартфон шықпақшы

Мобильдік технологиялар енді-енді дами бастаған уақытта нарықта әр түрлі гаджеттер болды. Мәселен, ашылып-жабылатын, камерасы айналатын және т.б. телефондар. Ал қазіргі смартфондардың басым бөлігі өзара ұқсас. Яғни, ішкі функциялары болмаса, бір-бірінен аса ерекшелене қоймайды.

Осы жағдайды ескерген ZTE компаниясы ұялы телефон нарығына біршама өзгеріс енгізуді жөн көрді. Олар сатылымға Axon M аталатын жаңа смартфон шығармақшы. Бүктелетін және қайта жазылатын, осылайша планшетке айнала алатын телефонның екі толыққанды экраны бар. Олар бірнеше дисплеймен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Windows-тың функцияларын еске салады. Сондай-ақ, оның екі экранын екі түрлі мақсатта қолдана бересіз. Ал ең қызықтысы – суретті немесе видеоны смартфонның екі дисплейіне де кеңейтіп көруге болады.

ZTE Axon M моделіне Qualcomm Snapdragon 821 қуатты процессоры орнатылған. Жедел жады – 4 ГБ, ал ішкі жады - 64 гигабайтты құрайды. Смартфонның бір артықшылығы – оның дыбысының сапасында. Телефонға дыбысталу деңгейі аса қуатты Dolby Atmos технологиясы бар стереодинамиктер орнатылған.

Бұл смартфон негізінен ойын-сауықтық мобильдік қосымшаларды және фильмдер тамашалағанды ұнататындарға арналған. Телефонның кең экраны мен дыбысының мүмкіндіктері бұл үшін жақсы жағдай жасап қойған.

ZTE Axon M осы жылдың қараша айында саудаға түспекші. Оның бағасы шамамен 725 долларды құрамақ.

424 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper