Кімнің жалақысы жоғарылайды?

Бейсенбі, 19 Қазан 2017 10:39
Кімнің жалақысы жоғарылайды?

Әскерилердің, депутаттардың және ішкі істер органдары жұмысшыларының еңбекақыларын көтеруге, нақтыланған республикалық бюджеттен 33,1 миллиард теңге бөлу қарастырылды. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Бахыт Сұлтанов ресми түрде мәлімдеді.

 

Жалақының өсетіндігі туралы жайлы хабар осыған дейін де айтылған болатын. Бірақ, жоба тек әскери қызметтегілердің ғана емес, барлық мемлекеттік орган жұмысшыларының еңбекақысын да қозғады. Сондықтан, оны мақұлдау үшін ұзақ уақыт қажет болды.

Ендігі бюджеттің шығыс бөлігін өзгерту жұмыстары жүзеге асырылды. Бұған себеп – мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларын және елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру. Сондай-ақ, үкімет резервін қысқарту және кірістерді асыра орындау.

Бюджеттің кіріс бөлігін 60,8 млрд. теңгеге асыра орындау, экономикамызға жақсы әсер етіп отыр. Түскен кірістің жалпы деңгейі бүгінде 195,3 миллиард теңгені құраған. Жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында экономиканың өсімі 4,3%-ға жеткен. Сол себепті, биліктің шешімі бойынша аталмыш категориядағы қызметкерлердің жалақысы жоғарыламақ.

Бұдан бөлек, үкімет отырысында мемлекет қаржысын «Назарбаев Университетінің» нысаналы салымын арттыруға жұмсау қажеттігі айтылды. Оған бюджеттен 22,2 миллиард теңге бөлінбек. Ал EXPO көрмесінен кейінгі іс-шараларды өткізуге және көрме аумағында кеңселер ашуға дайындыққа бюджеттен 20 млрд. қаржы бөлу қарастырылған.

Осылайша, биылғы жылдың шығыстары 11,2 триллион теңгені құрамақ.

682 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper