Жинақтау қорындағы жаңа жүйе

Жұма, 06 Қазан 2017 10:29
Жинақтау қорындағы жаңа жүйе

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа ереже бойынша төлем жүргізетін болады. Аталмыш ұйым ендігі өз салымшыларына жинаған ақшаларын ай сайын беріп отырмақшы. Бұндағы мақсат – зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру. Осыған дейінгі жүйе бойынша салымшы зейнетақыны қордан тоқсандық және жылдық кестеге сәйкес алатын.

Алдағы уақытта салымшы зейнетке шыққан соң әр айда мемлекеттік бюджеттен тиісті ақшасын және БЖЗҚ-дағы шотынан төлемдер алып тұрады. Яғни салымшының осы күнге дейін жинақтаған зейнетақылық және міндетті кәсіби жарналарының жалпы сомасы зейнетақы жинағының ағымдағы бағасының коэффициентіне көбейтіледі де 12 айға бөлінеді.

Ал ерікті зейнетақы жарналарынан түскен қаржыны тек 50 жастан асқан азаматтар мен мүгедектер алуға құқылы. Ол төлемді алушы мен зейнетақы қорының арасындағы қосымша келісім негізінде жүзеге асырылмақ. Жарналардан жинақталған ақшаны шетелге қоныс аударуға байланысты да алуға болады. Бірақ бұл үшін алдымен кету фактісін растайтын қажетті құжаттарды тиісті орындарға ұсыну шарт. Бұндай жағдайда толық бір жолғы төлем жасалады және одан 10%-дық өлшемде кіріс салығы ұсталады. Салымшы қайтыс болған жағдайда, 52,4 АЕК көлеміндегі қаржыны оның отбасы немесе жерлеу шығындарын өз мойнына алған адам алады.

Жаңа жүйе жинақталған ақшаларды қорға үндеу салған уақыттан бастап он жұмыс күні ішінде алуға мүмкіндік береді.

738 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper