Банк төрағасы бағаның өсуі туралы баяндады

Сәрсенбі, 04 Қазан 2017 16:57
Банк төрағасы бағаның өсуі туралы баяндады

Елордада өткен үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев экономикадағы бағалардың өсу себептерін түсіндірді.

 

Төраға бүгінгі инфляциялық қысым қаржы көлемінің артуы нәтижесінде туындайтынын атап өтті. Мәселен, 2016 жылы экономикадағы тенге көлемі 61 пайызға, биыл тағы 6%-ға ұлғайған. Былтыр зейнетақы мен жәрдемақы 16%-ға және мемлекеттік бюджеттен алынатын еңбекақы шығындары 18%-ға өскен.

«Жекелеген тауар айналымның 6,3%-ның 3,5% азық-түліктік емес тауарлардың үлесінің есебінен қамтамасыз етілген. Азық-түліктік емес тауарлардың бағасының өсуіне тұтынушылық несиелердің артуы да себепші. Жыл басынан бері бұндай несиелер бойынша қарыз көлемі 11%-ға, яғни 270 млрд. теңгеге ұлғайған», - деді Данияр мырза.

Бағалардың шарықтауына импорт құнының артуы да әсер еткен. Бірінші жартыжылдықта отандық тауарлар мен қызметтердің құнының өзгерісін көрсететін жалпы ішкі өнімнің дефляторы (индексі) 6,7%-ды құраған. Ал бұл импортталатын тауарлардың құнының өзгерістерін қамтитын тұтынушылық бағалары индексінің көрсеткіштерінен төмен.

Бір айта кетерлігі, 2017 жылдың 9 айы ішінде инфляция 4,2%-ды құрады. Жылдық инфляция 7,1%-ға дейін төмендеген. Алайда ол 2015 жылғы ұлттық валюта курсының құнсыздануынан кейін былтырғы жылдың ортасында 17,7%-ды құраған болатын.

«Ұлттық Банк инфляция осы жылдың қорытындылары бойынша 6-8% нысаналы дәліздің ішінде қалады деп күтуде. Бұдан бөлек, банк ұжымы 2018 жылға инфляция бойынша біршама төмен мәндегі, 5%-дан 7%-ға дейінгі нысаналы бағдар бекітті. Банк 2020 жылға қарай жылдық 4% деңгейге дейін инфляцияны бәсеңдетуді мақсат тұтып отыр», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Төрағаның мәліметтерінше, тауарлар мен қызметтердің бағасының ұлғаю деңгейіне отандық экономиканың құрылымдық ерекшеліктері де ықпал етуде. Оның ішінде ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар нарығын терең түсінбеу, бәсекелестіктің әлсіздігі, сауданың үстеме бағасы мен делдалдардың болуы ұлттық экономиканың дамуын тежеуде.

428 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper