Теңге әлсіреп, мұнай бағасы төмендеуде

Сәрсенбі, 04 Қазан 2017 16:43
Теңге әлсіреп, мұнай бағасы төмендеуде

KASE қор биржасының бүгінгі таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы 343,35 теңгеге тең болды.

 

4 қазан күнгі сауданың бірінші келісімі 342,95 теңгемен өтті. Сауданың жалпы көлемі 36,6 млн. АҚШ долларын құраған.

Қазір валютамыздың долларға шаққандағы бағамы 343,5-344,5 теңге аралығында саудалануда. Brent маркалы мұнайдың халықаралық бағасы да барреліне 55,69 долларды құрап отыр. Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сауда нәтижелері бойынша мұнай бағалары төмендеп кеткен.

Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,12 долларға, барреліне 56 долларға дейін төмен түскен. Нью-Йорк (NYMEX) тауар биржасындағы қарашадағы WTI маркалы мұнайдың фьючерстерінің құны 0,16 долларға, барреліне 50,42 долларға дейін арзандаған.

386 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
JoomShaper