Ғалымдар тәуелділіктің жаңа түрін атады

Жұма, 12 Қаңтар 2018 14:03
Ғалымдар тәуелділіктің жаңа түрін атады

Ғалымдар бүгінгі таңда адамдар ақпараттың қармағына түсіп, жаңа ауру жұқтырды деп дабыл қағуда.

Бұл пікірді филология ғылымдарының докторы, профессор Георгий Почепцов айтып отыр. Оның айтуынша, статистика бойынша интернет қолданушылардың 43% өз смартфондарына әрбір бес минут сайын қарай береді. Ал 10% телефондарына күніне 5427 рет жүгінеді. Қолданушылардың көбісі күніне 2 617 рет жаңа бір деректі көруге тырысады.

Сарапшының пайымдауынша, адамдардың жаңа тәуелділігі FOMO – fear of missing out деп аталады. Ол басқалардың білгенін білмеуден қорқуды білдіреді. Яғни, белгілі бір ақпаратты көзден таса жіберіп алудан қорқу.

Сонымен қатар, профессор мырза әлеуметтік желідегі бірсарынды әрекеттерге баса назар аударып отыр. Расымен де, үйреншікті әдеттің қаншалықты тәуелділікке айналып кеткендігі көбімізге білінбейді.

Мәселен, адам өзінің әлеуметтік желіде жариялаған посттарына қанша лайк басылғандығын жиі бақылап отырады. Себебі, әрбір лайк позитивті эмоцияны немесе келісушілікті білдіреді. Яғни, ақпараттық кеңістіктің кеңеюі салдарынан пайда болған жаңа тәуелділік түрі, бір қарағанда қарапайым әдет көрінгенімен, алдағы уақытта адам санасына кері әсерін тигізіп кетуі де ғажап емес.

788 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper