Бұндай тұсқағаздар өте әсем. Оларды жабыстыру оңай және тіпті жууға да болады. Бірақ, оның құрамындағы поливинилхлорид өкпе-бауырға кері әсерін тигізеді. Бас ауруын туғызып, жүректі айнытады. Тіпті онкологиялық сырқаттарға да ұшыратуы ықтимал.
Ламинат
Еденге төсейтін бұл төсеніш түрі тұрғындар арасында өте танымал. Дегенмен, ол құрамында формальдегидтің болуымен қауіпті. Ал ол ас қорыту және жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Аллергия мен бронхиалды астманы қоздырады. Ламинат таңдау барысында мына түрлеріне назар аударған жөн: EO – мінсіз, Е1- ұйғарынды, ал Е2 және одан жоғарыларын алмаған абзал.
Жуыну бөлмесіндегі пердеше
Жылы әрі ылғалды бөлмеде түрлі аурулар тудыратын бактериялардың тез көбейетінін білесіз. Сондықтан пердешелерді жиі жуып отырғаныңыз және жиі ауыстырғаныңыз дұрыс.
Лазерлік принтер
Принтермен жұмыс жасау барысында оның ішіндегі бояудың ұсақ бөліктері ауаға, одан соң өкпеге түседі. Сол себепті, принтерден қағаз шығарар кезде оның жанында тұрмауға тырысыңыз. Ал қағазыңызды шығарып болған соң, бөлменің ауасын тазартып қойыңыз.